+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмды

2021 жылғы 25 қыркүйек 22:40
Бөлісіңіз:
Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны бір күннің ішінде 822-ге өсіп, 203 095-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 828 болған. Бұл туралы Жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған СҚО-да коронавирустан қайтқандардың 78 пайызы - 61 жастан асқандар Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Бес күн қатарынан 800-ден аса адам коронавирустан көз жұмуда, мұндай көрсеткіш тамыздың ортасында болған. Штаб деректері бойынша, шартты өлім үлесі (нақты өлім үлесі эпидемияның соңында шығарылады) 2,75%-ға өскен. Атап айтқанда, соңғы тәулікте Мәскеуде 63, Санкт-Петербургте 50, Свердлов облысында 40, Краснодар өлкесінде 34, Нижегород облысында 30 адам вирустан қайтыс болған.

Елде бір тәуліктің ішінде 22 мың тұрғын коронавирус жұқтырған, мұндай көрсеткіш соңғы рет 14 тамыз күні тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 22 041-ге көбейіп, 7 398 415-ке жетті. Атап айтқанда, Мәскеуде 3 211, Санкт-Петербургте 1 907, Мәскеу облысында 1 106, Самара облысында 569, Воронеж облысында 543, Нижегород облысында 522, ал Свердлов облысында 518 жұқтыру жағдайы тіркелген.
Белсенді жағдайлар саны Ресейде пандемиясының басынан бері бірінші рет 600 мыңнан асты. Штабтың деректеріне сай, қазіргі кезде елде 604 387 адам ем қабылдап жатыр.
Коронавирустан емделіп шыққан ресейліктер саны бір тәулікте 16 325-ке өсті. Барлығы елде 6 590 933 адам жазылып шықты. Штаб деректері бойынша, жазылып шыққандар үлесі вирус жұқтырғандардың 89,1%-н құрайды. Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 1 508, Мәскеу облысында 909, Свердлов облысында 475, Қырым Республикасында 470, Ростов облысында 448 адам жазылып шыққан.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT