+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ресейде белгісіз біреу ойын алаңында балаларға оқ атқан

2021 жылғы 5 сәуір 15:25
Бөлісіңіз:
Ресейде белгісіз біреу ойын алаңында балаларға оқ атқан

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдегі Ленинград облысы Кингисепп қаласында белгісіз біреу ойын алаңында ойнап жүрген балаларға оқ атқан.

Ұқсас жаңалықтар
Тараз полицейлері мен дәрігерлер дәріден уланған бүлдіршіннің өмірін құтқарды Алтыншы қабаттан құлаған сәби аман қалды Оралда өзенге құлап кеткен екі бала құтқарылды

Салдарынан 10 жастағы бала мойнынан жарақат алды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Белгісіз адам Ленинград облысының Кингисепп қаласының Октябрьская көшесінде орналасқан балалар алаңына жақын жерде бұзақылық ниетпен қару ретінде белгіленбеген құрылғыны қолданып, алаңда ойнап жүрген балаларға қарай кемінде бір рет оқ атқан. Салдарынан он жасар бала мойнынан жарақат алды»- делінген басқарма хабарламасында.

Аталған факті бойынша РФ ҚК 213 бабы 2-тармағы бойынша («Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып бұзақылық жасау») қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні болған. Қазіргі таңда жарақат алған бала ауруханада жатыр, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция оқ атқан адамды іздестіруде. Полицияның мәліметінше, бала мойынның жұмсақ тіндерінен жарақат алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT