Ресейде басқа аурулардың арасында шошқа тұмауының вирусы басым

None
НОВО-ОГАРЕВО. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде басқа тұмау инфекцияларының арасында А(H1N1)2009 штаммын немесе шошқа тұмауын жұқтырғандар басым. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова сәрсенбіде Ресей президенті Владимир Путиннің үкіметпен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясында тұмау вирустарының басым бөлігі – А (H1N1) тұмауы вирусы. Бұл – 2009 жылғы тұмаудың пандемиялық нұсқасы. Сол кезде бұл вирус алғаш рет пайда болып, пандемияға әкелген еді», - деді ол.

Попова елдегі қазіргі эпидемиялық жағдайды «күрделі» деп сипаттады.

Ведомство басшысы ковид, респираторлық инфекциялар және тұмау ауруларына шалдығушылардың шамалы артқанын айтты.

«Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде тұмау мен ЖРВИ-ға қатысты жағдай алаңдатарлық», - деді ол.

Ол тұмаудың бұл түрінің таралу жағдайын реттеу мүмкін екенін айтты.

Попова Ресей Федерациясында тұмау вирустарының басым бөлігі A (H1N1)-2009 штамы немесе 2009-2010 жылдардағы тұмаудың пандемиялық нұсқасы шошқа тұмауы екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар