Ресейде автобус аударылды - Зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамыз күні РФ Алтай Республикасында аударылған шағын автобустан зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы бар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, 23 тамыз күні РФ Алтай өлкесі Онгудай ауданындағы «Шүй тракты» тасжолы бойындағы «Шіке-Таман» асуында Istana шағын автобусының аударылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осының салдарынан аудандық ауруханаға шағын автобустың ішіндегі 14 адам жеткізіліп, оның 12-і ауруханаға жатқызылған.

Аталмыш тасжолмен Қазақстан азаматтары да Моңғолияға сапарлайтындықтан, ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын білмек болдық. Анықталғанындай, зардап шеккендердің ішінде - 1949 жылы туған Қазақстан азаматы бар болып шықты.

«Бұл жол-көлік оқиғасы туралы естігеннен кейін біз Омбыдағы жергілікті билікпен байланысқа шықтық. РФ ІІМ бөлімшесінің келтірген мәліметіне сәйкес, Алтай Республикасы Онгудай ауданы бойынша зардап шеккендердің арасында 1949 жылғы бір Қазақстан азаматы (әйел) бар болып шықты. Ол қазіргі уақытта бас сүйек-ми жарақатымен Горно-Алтайск қаласындағы Республикалық ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. Аталған мәселе біздің консулдықтың бақылауында», - деп жауап берді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар