Ресейде «арктикалық» киіз үй тігіледі

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярскі өлкесінде суық ауа райына бейімделіп жасалған қырғызстандық киіз үй тігіледі, деп жазады ТАСС агенттігі.

Ақ киізден жасалған қырғыздың «Көшпенді үйі» арктикалық қалаға жеткізіліп қойған, ал ресми ашылу салтанаты жаз айының соңғы күніне жоспарланып отыр.

«Қырғыздың ақ киіз үйі Дудинкаға (Красноярскі өлкесінің қаласы- авт.) жеткізіліп қойды, енді қаладағы жағалауға орнатылады. Таныстырылымын Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне (31 тамыз - авт.) жоспарлап отырмыз. Келешекте киіз үй әртүрлі мейрамдарды тойлау кезінде пайдаланылатын болады», - деді Дудинк қаласы халық шығармашылығы орталығының директоры Марина Жарковаға

Дудинка мэриясының мәліметінше, киіз үйді Қара жорға» отбасы клубы Норникеля» қайырымдылық жобасы аясындағы «Қырғыз жаны» (Душа қыргызов) жобасына орайластырып тігіледі.

Ресейдің ең полярлы елді мекені болып табылатын Дудинкада 170-ке жуық қырғызстандық тұрып жатыр.

Фото:kabar.kg

Соңғы жаңалықтар