Ресейде 700 га аумақта орман өртенді

None
None
ХАБАРОВСК. ҚазАқпарат - Орман өртімен күрес қызметкерлері Ресей аумағында 700 га жерді қамтыған 20-ға жуық орман өртімен арпалысып жатыр. Тәулік ішінде шамамен өрттің 50 ошағы ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте Ресейдегі орман өрттерін сөндіру қызметі 29 га аумақты шарпыған 44 орман өртін сөндірді. Мәскеу уақыты бойынша 28 тамыз күні сағат 00:00-де 705 га жерге тараған 19 орман өрті тіркелді. Арнайы қызмет өкілдері оларды сөндірумен белсенді түрде айналысты», - деді Өңірлік орман шаруашылығының диспетчерлік қызметіндегілер.

Бір тәулік бұрын, 27 тамыз күні, өңірлерде 534 га аумақта бақыланатын 14 орман өрті тіркелді. Ал алыс және жетуге қиын жерлерде тағы да 64 орман өрті анықталды. Олардың жалпы аумағы 666,3 мың гектарға жетті. Өрт ошақтары Якутия, Красноярскі, Хабаровскі өлкелерінде және Магадан облысынан табылды.

Қазіргі уақытта бақыланатын өрт ошақтарында 1 мыңға жуық адам жұмыс жасауда, 220 техника жұмылдырылды. Ал авиациялық мониторинг пен сөндіру жұмыстарына 49 әуе кемесі тартылды. Якутияда парашютист-десантшылар жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар