Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Ресейде 160 кг марихуана сатпақ болған қазақстандық сотталды

2017 жылғы 28 қараша 09:14 141
Бөлісіңіз:
Ресейде 160 кг марихуана сатпақ болған қазақстандық сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Челябі облысында 160 кг марихуана сатпақ болған қазақстандыққа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, деп хабарлайды Челябі облыстық прокуратурасы.

«Челябі облысының Бредин аудандық соты Қазақстан Республикасының азаматы Гамид Ахмедовке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол РФ ҚК 229.1-бабының 4-бөлігінің «б» тармағында (адамдар тобының алдын ала сөз байласу негізінде іске асырған ерекше көп мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы), РФ 228.1-бабының 5-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласу негізінде іске асырған ерекше көп мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз өткізуге қастық етуі) және 30-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасады деп танылды. Сот Ахмедовке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді, ол жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді», - делінген хабарламада.

Ахмедов Қазақстан Республикасының Қостанай облысында 158 килограмнан астам каннабис (марихуана) есірткі затын алып, Ресейде сатпақ болған.

2017 жылдың мамырында 15 қапқа салынған есірткіні Ресей шекарасынан алып өтпек болған жүк көлігі ұсталады. Жүргізушісі қаптардың ішінде не барынан хабары болмай шығады. Ал «ерекше жүкті» қарсы алу үшін Ахмедов Челябі облысының Бредин ауданына барады. Сол жерде ол сөз байласқан сыбайласымен бірге ұсталады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қылмысқа қатысы бар деген екінші күдіктіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT