Ресейде 16 адам мінген тікұшақ құлады

None
None
ПЕТРОПАВЛОВСК-КАМЧАТСКИЙ. ҚазАқпарат – Ресейдің Камчатка өлкесінде бортында 13 турист пен 3 экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы құлады. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«12 тамыз күні, Мәскеу уақытымен сағат 00.50-де Кроноцкое қорығының Курильск көлі аумағында «Витязь-Аэро« компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы жерге қатты қонғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 13 турист пен экипаждың 3 мүшесі бар. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының тікұшағы ұшып шығуға дайындалуда. Сондай-ақ құтқарушылары бар Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы дайындық күйіне келтіріліп жатыр», - деп мәлім етті журналистерге Төтенше жағдайлар министрлігі Камчатка бойынша Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметінен.

Ал РФ ТЖМ-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Витязь-Аэро» АҚ-ның Ми-8 тікұшағының жерге қатты қонуы салдарынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Камчатск өлкесіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен 8 техника жұмылдырылған.

«Витязь-Аэро» авиакомпаниясы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жеке паркінде 20 тікұшақ бар. Камчатканың жолы қиын аумақтарына туристерді жеткізу бойынша жолаушылар тасымалын орындайды.


Соңғы жаңалықтар