Ресей және Түркиямен тұрақты әуе рейстері көбейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей және Түркиямен тұрақты рейстерді ұлғайту жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталия – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат беріледі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылған соң, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады», - деп хабарланды комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Соңғы жаңалықтар