Ресей-Украина жанжалына ҰҚШҰ-ның қатысуы күн тәртібінде тұрған жоқ - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресей-Украина жанжалы аймағына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуы күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минитсрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сай мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың теңдігі және бейбіт өмір сүру ұстанымын жақтайды. Толықтай алғанда, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық мойындалған аумағымен нақты айқындалған және ұжымдық қауіпсіздік осы аумақ аясында ғана қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның Ресей мен Украина арасындағы жанжал аймағына қатысуы күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Соңғы жаңалықтар