Ресей-Украина шекарасында ер адам өзін-өзі жарып жіберді

None
None
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Сум облысында шекара бекетінде болған жарылысқа байланысты Украина-Ресей шекара учаскесінде күзетті күшейтілген режімге көшірді.

Интерфакстан хабарлағандай, ер адамның төл құжатын тексеру кезінде Ресейден Украинаға өтпек болған ол жарылғыш затты іске қосқан.

Әлгі азамат сол жерде жан тапсырды, екі шекарашының жағдайы ауыр.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейден Украинаға өтетін жерге молдавиялық нөмірі бар шағын автобус келген. Ішіндегі 4 жолаушы Молдавияның азаматтары болған. Машинаны қарау кезінде салонда жасырынған тағы бір адам табылған.

Қосымша тексеру кезінде төлқұжатты бақылау кабинасында ұсталған адам өзін-өзі жарып жіберген. Бұл оқиға Мәскеу уақыты бойынша 01:46-да болған.

Қазір «Бачевск» бекеті арқылы адамдар мен көліктердің өтуі тоқтатылды.

«Болған жағдайға байланысты Ресей тарапына хабар берілді», - деп қосты Украинаның мемлекеттік шекара қызметінен.

Соңғы жаңалықтар