Ресей Украина келіссөздері конструктивті өтті - Владимир Мединский

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бетпе-бет келіссөздер раунды аяқталды. Бұл туралы тілшілерге сейсенбі күні Мәскеу мен Киев делегацияларының кездесуінің қорытындысы бойынша Ресей делегациясының басшысы, президент көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Украин тарапымен келіссөздер аяқталды. Келіссөздер конструктивті өтті», - деді ол.

Мединскийдің айтуынша, Ресей деэскалация үшін Украинаға екі қадам жасап тұр.

Ресей делегациясы Ыстанбұлда украин тарапынан нақты тұжырымдалған ұстаным мен ұсыныстар қабылдады. Олар зерттеліп, ел басшылығына жеткізіледі, деді Мединский.

«Біз Украинадан қарастыру үшін ұсыныстарын, оның келісімге қосу туралы нақты тұжырымдалған ұстанымын алдық. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта қаралып, Президентке ұсынылатын болады және тиісті жауабымыз беріледі», - деді ол.

Келісім бойынша жұмыс тез атқарылып, ымыраға келетін болсақ, бітімге келу мүмкіндігі жақындай түседі, деді Мединский.

Сондай-ақ, Ресей қорғаныс министрлігі Киев және Чернигов бағыттарында әскери белсенділікті күрт төмендету шешімін қабылдады, деп жазады ТАСС ведомство басшысының орынбасарына сілтеме жасап.


Соңғы жаңалықтар