Ресей Түркия, Жапония, Таиланд және Вьетнаммен әуе қатынасын үзеді

None
None
МӘСКЕУ .ТАСС-ҚазАқпарат – 23 наурыздан бастап Ресей коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталған елдерге арналған рейстерге жаңа уақыт шектеулерін енгізді. Бұл туралы Ресей авиациясының телеграм каналында хабарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жеделхатта көрсетілгендей, Түркияға (тек Ыстанбұлға рейстер рұқсат етілген), Жапонияға (тек қана Токио), Вьетнам (тек қана Ханой), Тайланд (Бангкок) және Үндістанға (Нью-Дели) рейстер шектелетін болады.

Бұрынғыдай ресейлік авиакомпаниялар саяхатшыларды үйлеріне қайтару үшін тұрақты чартерлік рейстерді орындау құқығын алды.

Жеделхатта 23 наурыздан бастап Ресейден 19 наурызда коронавирустың таралу жағдайлары анықталған шет елдер аумағына жолаушыларды әуе арқылы тасымалдауға уақытша шектеулер енгізілетіні айтылған. Бұл шаралар Ресейден шет елдерге ұшатын жолаушылар рейстеріне бұған дейін енгізілген шектулерге қосымша енгізілген.

23 наурыздан бастап ресейлік әуе компаниялары Түркияға чартерлік рейстерді Ресей азаматтары толық шыққанша жасай алады. 23 наурыз сағат 00: 00-ден бастап Мәскеу мен Ыстанбұл арасындағы тұрақты рейстер сақталады, чартерлік рейстер Ресей Федерациясының азаматтарын толық тасымалдағанша жалғасады.

Сондай-ақ, өңірлерден курорттық бағыттарға ұшатын рейстер жаппай шектелетін болады: Мәскеуден Колумбия, Доминикан Республикасы, Аргентина, Камбоджа және Багам аралдары, Куба мен Мальдив астаналарына, сондай-ақ Индонезиядағы Бали аралындағы Денпасарға ұшуға болады.

Одан бөлек, Қытайға ұшатын рейстер қайтадан қысқарады, бұл жолы тек Мәскеу - Бейжің рейстері қалады.


Соңғы жаңалықтар