Ресей тұрғындары қостанайлық полицейлерге алғыс білдірді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасына ұшыраған Ресей тұрғындарына Қостанай облысы Федоров ауданының полицейлері көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей тұрғындары Рудный қаласына қонаққа келген. Олар мінген көлік Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында жол-көлік оқиғасына ұшырайды. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен.

«Хабар алған патрульдік полиция қызметкері Аманжол Кенескенов оқиға орнына бірінші болып келді. Аға лейтенант жүргізушіге және оның жұбайына алғашқы көмек көрсетті, артынша «Рено» көлігін тасымалдау үшін эвакуатор шақырды. Қиындыққа тап болған Ресей азаматы Инна Амоскина Федоров ауданының полиция бөлімінің полицейлеріне алғысын білдірді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар