+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ресей Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін – The Telegraph

2019 жылғы 25 қыркүйек 07:14
Бөлісіңіз:
Ресей Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін – The Telegraph

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада ойындары келесі жылға қалдырылды Коронавирус: 2 ел Олимпиадаға қатыспайтындықтарын мәлімдеді Олимпиада алауы Токиоға аттанды

«Антидопинг билігі Ресей келтірген дәлелдердің талапқа сай емес екенін мәлімдеді. Ресейдің спорт басшылары дүйсенбі күні Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігімен кездеседі», деп жазады басылым.

Жақында бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі Мәскеу зертханасының жұмысынан күмәнді құжаттар табылғанын мәлімдеген еді. «Кездесуде «Русада» допингке қарсы күрес агенттігінің дәлелдері де талапқа сай еместігі айтылады деп болжанып отыр. Токиодағы ВАДА атқару комитетінің отырысында «Русада» шарттарды орындамағанын хабарламақ», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, алдағы екі айда Ресей спорт органдарының ереже бұзғанына жаңа дәлелдер пайда болады.

«ВАДА өкілдерінің айтуынша, бұл Ресей спортшыларының Токио олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне кері әсер етеді», деп жазады автор.

«Ресей Федерациясының жеңіл атлеттері 2016 жылдан бастап жарыстарға қатыса алмайды және жұма күні басталатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына да қатыса алмайды», деп жазады басылым.

Автордың хабарлауынша, Ресей допингке қарсы зерттеу нәтижелерін ВАДАға ұсынбас бұрын «Ресей спортшыларының жүйелі түрде допинг қолданатынын» жасырып, үшін манипуляция жасаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Олимпиада-2020, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT