Ресей сатып алуы тиіс «Сапсан» жүрдек пойыздарын Қазақстанға ешкім ұсынған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапына Siemens концерні шығарған «Сапсан» жүрдек пойыздарының 13 құрамының 9-ын сатып алу туралы ешкім ешқандай ұсыныс жасаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін бірқатар БАҚ бетінде Siemens Velaro компаниясына тиесілі 3-ші буындағы пойыздардың 13 құрамы Ресеймен келісімшарт негізінде шығарылғаны жазылды. Олардың тек төртеуі ғана жеткізілген. Өзге құрамдар Siemens компаниясының Ресейден кетуіне байланысты оны сатып алуға ниет білдірген тарап үшін шығару жоспарланған. Сатып алушы қалған 9 құрамды алған жағдайда оған үлкен жеңілдіктер жасалмақшы. Осыған байланысты Ресейге берілуі тиіс пойыздарды Украинаға немесе Қазақстанға сату жоспарланып отырғаны айтылған.

«Deutsche Welle» басылымында Siemens компаниясы пойыздарының болашағы туралы жаңалық болды. Алайда бізге өндірушіден ешқандай ұсыныс түскен жоқ және біз бұл мәселені талқылаған да емеспіз. Оның үстіне жаңалықта Қазақстан сатып алуы мүмкін тапсырыс беруші ретінде ғана көрсетілген. Одан басқа ештеңе жоқ. Сондай-ақ бұл мәселеге пікір білдіріп отырған концерннің ресми өкілетті қызметкері емес, осы саланың сарапшысы»,-деп мәлімдеді ҚазАқпарат тілшісіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ -ның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Сонымен қатар ол теміржол көліктеріне маманданған SCI Verkehr консалтингтік компаниясын басқаратын сарапшы Мария Ленненнің пікірінен үзіндіні ұсынды.

Ол Қазақстанды пойыздарды сатып алуға қауқары жететін нақты кандидат ретінде көретінін айтқан.

Қайсар Жұмабайұлы аталмыш сарапшының «Бұл елде қажетті қаржы да, жүрдек пойыздар жүретін ара қашықтық та бар»,-деген пікірін оқып берді.

Сонымен қатар Мария Ленен аталған пойыздарды Украинаға беру туралы да айтты. Пойыздар Украинаны қалпына келтіру ісіне үлес қосар еді. Бұл мәселені қазір саясаткерлер талқылап жатыр.


Соңғы жаңалықтар