Ресей Санкт-Петербургтегі кездесуге Қазақстан басшылығының қатысуын күтіп отыр

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы мен Қазақстан Президентінің ЕурАзЭҚ және ҰҚШҚ-ға мүше елдер көшбасшыларының Санкт-Петербургтегі жыл сайынғы бейресми кездесуіне қатысуын күтіп отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі. Бізде бірегей қарым-қатынас қалыптасты. Оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев орнатты және қазір бұл бағытты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып, осы қарым-қатынасты қолдауда», - деді В. Путин.

Ол коронавирус пандемиясы жоспарланған бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермегенін атап өтіп, Қазақстан Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының Ресей Федерациясы басшысының шақыруын қабылдап, келесі аптада Санкт-Петербургке ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ мүшелерінің дәстүрлі бейресми кездесуіне келетініне үміттенетінін жеткізді.

«Бұған сенім артып отырмын. Қазақстан басшылығы алдын ала режимде бұған келісті», - деді ол.


Авторы Нарымбек Ысмағұлов


Соңғы жаңалықтар