Ресей рублінің бағамы 8,03 теңгеге жетті - Ұлттық банк

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк рубльдің 23 қыркүйектегі ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы – 7,88 теңге.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,03 теңге.

Алматыдғы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,55-7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Нұр-Сұлтанда 7,57-7,77 теңге аралығында құбылып тұр.

АҚШ ақшасы 477-482 теңге аралығында сатылып жатыр.

Айта кетейік, 22 қыркүйек күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,43 теңгеге қымбаттап, 481,16 теңге болған.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,03 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар