Ресей рублі 8 теңгеге жуықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мен Нұр- Сұлтан қаласындағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,38 - 7,58 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 7, 99 теңге.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 19 тамыздағы жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,94 теңге болды.

Алматыдғы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,2 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда 7, 38 – 7,58 теңге аралығында құбылып тұр.

АҚШ ақшасы 476-480 теңге аралығында саудаланып жатыр


Соңғы жаңалықтар