Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып, ем алып жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол «Шынымен коронавирус жұқтырдыңыз ба?» деген сұраққа: «Иә, сырқаттанып қалдым. Емделіп жатырмын» деп жауап берді.

Бұған дейін «Незыгарь» Telegram-арнасы президенттің баспасөз хатшысының коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін хабарлаған.

Айта кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің басшысы Владимир Якушев және Мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталған.

Мишустин 30 сәуірден бері медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр, дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар