Ресей президенті сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды
«БҚПЗО экзитполының нəтижесі бойынша, бірінші кезеңде Ресей Федерациясының президенті лауазымына Владимир Путин (73,9% дауыс) сайланған»,-делінген агенттік мәліметтерінде.
2012 жылы өткен сайлауда Путин сайлаушыларың 63,60% даусын жинаған.
Сауалнама мәліметтері бойынша, екінші орында КПРФ атынан сайлауға түскен кандидат-бизнесмен Павел Грудинин (11,2%) тұр. Үшінші орында ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский (6,7%) орналасқан.
«Одан кейінгі кандидаттардың жинаған дауыстары шағын: Ксения Собчак - 2,5%, Григорий Явлинский - 1,6%, Борис Титов - 1,1%, Сергей Бабурин - 1,0%, Максим Сурайкин - 0,8%», -делінген БҚПЗО таратқан ақпаратта.
Санауға жатпайтын бюллетеньдердің саны 1,2% екені айтылады.
Сауалнамаға барлығы 162 мың 601 адам қамтылған. Қойылған сауалдарға респонденттердің 62,8% жауап берген, 37,2%-і жауап беруден бас тартқан.