Ресей Президенті павлодарлық тұрғынды Достық Орденімен марапаттады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 4 қараша күні Мәскеудің Кремль сарайында Халық бірлігі күніне орай өткен шара барысында Ресей Федерациясының мемлекеттік сыйлықтарымен марапаттау салтанаты өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның РФ-дағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марапатталғандардың арасында Павлодар облыстық «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Татьяна Кузина бар. Ол Достық Орденіне лайық деп танылды. Награданы Ресей Президенті Владимир Путин табыстады.

«Ресей мен шетелдік серіктестер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға сүбелі үлес қосып отырған барша шетелдік достарымызға алғыс білдіремін. Әу баста орыс мәдениеті және орыс мемлекеті көпұлтты және көпконфессиялы ретінде аяққа тұрған болатын», - деді салтанатты шара барысында В.Путин.

Өз кезегінде Татьяна Кузина Кремль сахнасында елдердің бірлігі туралы айта келе, Абайдың қара сөзінен үзінді келтірді.

«Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің», деген. Сондықтан жер бетінде таршылық болмасын, Қазақстанда да, Ресейде де бейбітшілік пен достық болсын. Біздің елдеріміз көпұлтты және мұны сақтап қалу аса маңызды. Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең жақын мемлекеттер екенін әріптестерімізбен әрдайым айтып отырамыз. Біз достықты сақтай алдық, біз ұлы бабаларымыздың лайықты ұрпағымыз!», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар