Ресей президенті мамыр айында Нұр-Сұлтанға келеді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездесуінің қорытындысы бойынша журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мәжілісіне қатысатынын айтты.

Аталмыш шара 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

«Қазақстан Президенті Тоқаевпен біз жуырда тағы кездесеміз. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мәжілісі өтеді. Бұл жиын осы ұйымның 5 жылдығына қарай ұйымдастырылғалы отыр»,-деді В. Путин.

Ресей басшысы сондай-ақ сөзінде 5 жылдық мерекеге байланысты өткізілгелі отырған жиынның ЕурАзЭҚ-ті бекіту туралы келісімге қол қойылған Қазақстан астанасында ұйымдастырылуы жақсылықтың нышаны екенін атап өтті.

«Осылайша, біз Одақты құруға ұсыныс жасап, еуразиялық ықпалдастық жобасының негізін қалауда маңызды рөл атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегіне назар аударғымыз келеді»-деді Ресей президенті.

Соңғы жаңалықтар