Ресей Президенті Дмитрий Медведевті жаңа қызметке тағайындады

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путинтің Жарлығымен Дмитрий Медведев РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салсақ, кеше Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары жаңа лауазымын енгізіп, оған Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевті тағайындауды ұсынған еді.

Айта кетсек, кеше В.Путин РФ Федералды жиналысының алдында жолдауын жариялап, онда алдағы кезеңдегі жұмыстардың басымдықтарын айқындады. Сондай-ақ ел Конституциясына өзгерістер енгізуді ұсынды. Кейін ел Үкіметі толық құрамда отставкаға кететіні мәлім болды.
Соңғы жаңалықтар