+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ресей, Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

2020 жылғы 6 шілде 16:52
Бөлісіңіз:
Ресей, Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей, Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Владимир Путин Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат және достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Елбасы В.Путинге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Өзбекстан Президенті Елбасын мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті.

Елбасы Ш.Мирзиёевке жылы лебіздері үшін алғысын айтып, бауырлас екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT