+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Ресей: Оңтүстік Оралдағы мектептерде қазақ тілін факультатив түрінде оқыту мәселесі талқыланды

2019 жылғы 21 қазан 12:04
Бөлісіңіз:
Ресей: Оңтүстік Оралдағы мектептерде қазақ тілін факультатив түрінде оқыту мәселесі талқыланды

ЧЕЛЯБІ. ҚазАқпарат – Ресейдегі Челябі облысы Фершампенуаз ауылында Оңтүстік Орал қазақтарының жиыны өтті. Жиналыста Челябінің сегіз ауданы мен Магнитогорск қаласынан келген қазақтар өкілдері ұлттық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Британ журналисінің Гималай асқан қазақтар жайлы кітабы музейге сыйға берілді Омбыдағы қазақтар туралы не білеміз АҚШ-та сәби күнінде Қазақстаннан асырап алынған бозбала көз жұмды

Ноғайбақ ауданындағы кездесуде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жәнібек Лесбеков пен ҚЕАҚ «Отандастар» Қорының бас менеджері Н.Жәлиев Қауымдастық және Қордың бірлескен қызметі туралы ақпарат берді.

Жиынды Ноғайбақ ауданының бұрынғы басшысы Қайырбек Сейілов ашты. Кездесу қатысушыларын Ноғайбақ ауданы басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Иван Сурменев құттықтады.

Жиналыс барысында Оңтүстік Орал мектептерінде қазақ тілін факультатив түрінде оқыту мүмкіндіктері талқыланып, дәстүрді сақтау, сондай-ақ тарихи Отанына сапар ұйымдастыру, мәдени-ағартушылық алмасуды жалғастыру жоспарлары жөнінде айтылды.

Пленарлық отырысты Челябі облысы үкіметінің қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Дмитрий Семенов ашты. Одан әрі облыс қазақтарының өкілдері түрлі тақырыптарды, атап айтқанда қазақтардың ықпалдасуы, бизнесті қолдау саласындағы преференциялар, қазақ тілін үйрену, қазақ дәстүрлерін сақтау, өзара қарым–қатынастың ұмыт қалған формаларын жаңғырту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қандастар, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжан Серікұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT