Ресей: Нижний Новгородта үйден бөлшектенген кішкене балалардың денелері табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТАСС агенттігі РФ-ның Тергеу комитетіне сілтемемен хабарлағандай, Нижний Новгород қаласының Нижегородской ауданында алты жасқа дейін үйелмелі-сүйелмелі алты баласы бар отбасы тұрған үйден бөлшектенген кішкене балалардың денесі табылған.

25 шілдеден бастап балалар мектепке дейінгі мекемеге келмей қалған соң, оның қызметкерлері бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлады. Мекенжай орнын тексеру кезінде, пәтер есігін ешкім ашпаған. Көршілер бір күн бұрын отбасы иесінің белгісіз бағытта кеткенін айтқан. ТК аймақтық тергеу басқармасының тергеушілері мен полиция пәтерге терезеден кіріп, балалардың бөлшектелген денелерін тапқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

"Отбасының анасы мен әкесінің жүрген жерін, соның ішінде қылмыс жасалған балалардың санын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздеу шараларының кешені жүргізіліп отыр", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар