Ресей мен Украинаны жағдайды қалпына келтіру үшін байыпты диалог бастауға шақырамыз – ҚР СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Ресей мен Украинаны жағдайды қалпына келтіру үшін байыпты диалогқа шақырады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі әлем халықаралық жағдайдың күрделі шиеленісуінің қауіпті кезеңін бастан кешуде, онда түйінді жаһандық мәселелерді шешудің қарама-қайшылықты тәсілдері мен санкциялық қысым әдістері алдыңғы қатарға шықты. Мемлекеттік шекараларды қайта форматтау жүріп жатыр, аумақтық даулар шиеленісіп, бұрын «мұздатылған» қақтығыстар қайтадан қыза түсуде», - деді ол министрліктің осы жылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Украина дағдарысы Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси шиеленістің жаңа кезеңіне әкелген ең үлкен сынақ болып тұр.

«Бір кездері жақын, бауырлас елдер арасындағы әскери қақтығыс осы халықтардың барлық достарын қатты алаңдатады және өкінішін тудырады. Біз дәстүрлі түрде қарсылас тараптарды жағдайды қалпына келтіру үшін байыпты диалог бастауға шақырамыз», - деді Айбек Смадияров.

Осыған дейін Қазақстан РФ елшісі Бородавкиннің даулы сұхбатына қатысты түсініктеме алғаны туралы жаздық.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар