Ресей мен Қазақстанның туроператорлары Каспий бойынша круиздерді дамытуға келісті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде Маңғыстау облыстық әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов қол қойды.

Келісім аясында тараптар 2013-2018 жылдарға арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мен ұйымдастырудың Ұлттық жоспарында қарастырылған шараларды жүзеге асыруда ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сондай-ақ Маңғыстау облысының аймақтық көлік-логистикалық нысандарымен серіктестікті белсенді жүргізіп, ҚР негізгі туристік бағыттарына қол жеткізу мүмкіндігін арттырды. Соның ішінде жол маңындағы инфрақұрылым жаңғыртылып, туристік нысандарға апаратын жол қалпына келтірілді.

Сонымен бірге Маңғыстау облысындағы «Турист» ЖШС мен «Экспресс-тур» ААҚ ресейлік туроператор арасында Каспий теңізі бойынша теплоходта круиз ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.

«Биыл «Экспресс-тур» туроператоры алғаш рет Каспий теңізі бойынша теплоходта круиз ұйымдастырды. Осылайша ресейлік туристер Түпқараған ауданында болып, тарихи-мәдени және табиғаты көркем жерлермен танысты. Келесі жылы туроператор круизге қатысушылар саны артады деп отыр», - деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова.

Соңғы жаңалықтар