Ресей мен Қазақстанның базалық мөлшерлемесін салыстырып қарау дұрыс емес – Ұлттық банк төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресей базалық мөлшерлемені төмендетіп жатқанда, Қазақстан неге бұл көрсеткішті өзгеріссіз қалдырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір сарапшылардың Қазақстан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемелерін салыстыратыны рас. Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5%-дан 20%-ға, екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5%-ға дейін төмендетті», - деді Ұлттық банк басшысы сұхбатта.

Оның мәліметі бойынша, Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отыр.

«Маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болды. Бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс.

Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақстанда рецессия күтілмейді, керісінше, іскерлік белсенділіктің, сұраныстың өсуі жағдайында қосымша фискалдық импульс аясында инфляциялық қысым одан әрі күшеюі мүмкін. Осы орайда, Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемелерді салыстыру дұрыс емес», - деді Ғалымжан Пірматов.

Еске салсақ, ҚҰБ төрағасы жыл аяғына дейін инфляция 13-15% деңгейінде қалыптасатыны туралы болжамы жасаған еді.

Сондай-ақ, ол теңге/рубль бағамының қалай реттелетінін түсіндірді .


Соңғы жаңалықтар