Ресей мен Қазақстан ЖОО-лары арасындағы түлектер үшін бәсеке оқу орындарының сапасын арттырады - А.Сәрінжіпов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Ресей мен Қазақстан ЖОО-лары арасындағы түлектер үшін бәсеке оқу орындарының сапасын арттырады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

«Жыл сайын бірнеше түлек Ресейге оқуға аттанады. Өйткені, Ресейде түлектердің саны жыл сайын азайып келеді. Бұл 90-жылдардағы демографиялық ахуалдың төмендеп кетуімен байланысты. Мұндай тапшылықты ЖОО-лар қатты сезінуде. Сондықтан, олар мемлекеттік қолдауды желеу етіп, біздің түлектерді өздеріне шақырып алуда. Бұл тұрғыда бәсеке ҰБТ-дан өзге салада да болады. Алайда, біз бұл бәсеке ЖОО-лардың сапасының артуына ықпал етеді деп сенеміз», - деді министр.

Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, түлектер санының азаюы Қазақстанда да сезілуде.

« 2013 жылы 139 мың, ал 2014 жылы 133 мың оқушы мектеп тәмамдады. ҰБТ қатысушылары санының азаюы 90-жылдардағы демографиялық құлдыраумен тығыз байланысты. Статистика агенттігінің хабарлауынша, бұл үдеріс 3-5 жылдай қайталанбақ», - деді министр.

Қазақстанның бас ұстазының айтуынша, 2019-2020 жылдарда мектеп бітірушілерінің саны көбейетін болады. Бұл 2000 жылдардың басында туу көрсеткішінің жоғары болуымен тығыз байланысты.

Соңғы жаңалықтар