Ресей мен ИЫҰ Қазанда халықаралық экономикалық қауіпсіздік мәселесін талқыға салмақ

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы мен Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) бесінші халықаралық саммитте халықаралық экономикалық қауіпсіздікке қатысты түйткілді мәселелерді алғаш рет бірге талқылайтын болды. Аталмыш саммит 2013 жылдың мамыр айының 15-17 аралығында Қазан қаласында өтеді.

Халықаралық экономикалық қауіпсіздік мәселесінде ИЫҰ талқылаған және шешкен мәселелерде Ресейдің рөлін арттыруға баса назар аударылады. Бұған ИЫҰ-ның Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлының 2013 жылдың қаңтар айының 30-ы күні Сауд Арабиясындағы РФ елшісі Олег Озеровпен кездесуінде Ресейді осы мәселеге араласуға шақырғаны себеп болды. Бұл жайында KazanSummit.Ru хабар таратты.

muslim.kz сайтының жазуынша, Қазан саммитінде ИЫҰ делегациясы мен Мемлекеттік Думадан, Экономикалық даму министрлігінен және Федералды қауіпсіздік қызметінен ресейлік өкілдер халықаралық экономикалық мәселелерді қарастырады. Халықаралық саммиттің күн тәртібінде: РФ мен ИЫҰ арасындағы жан-жақты серіктестікті дамыту мәселесі - мұнда сауда-экономикалық қатынастың келешегі ғана емес, сонымен бірге, инвестиция және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында да тығыз қарым-қатынас орнату жолдары қарастырылады.

Бұл - алдағы саммиттің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Саммит аясында стратегиялық және инвестициялық форумдар, ИЫҰ-ға қатысушы елдердің парламент өкілдерінің конференциясы, Малайзия және Ресей жоғары оқу орындары ректорларының кездесуі өтеді.

Соңғы жаңалықтар