Ресей маймыл шешегін жұқтыру жағдайларын анықтайтын тест жүйесін қолданбақ

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Маймыл шешегі індетінің ықтимал жағдайларын анықтауға арналған тест індеттің таралу қаупі төнген жағдайда қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жүйені Ресейдің «Роспотребнадзор» мекемесінің «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы құрды.

«Ол жұқтырған жануарлардан алынған клиникалық материалдағы вирустарды сәтті анықтауға, сондай-ақ пациенттердегі вакцинация алаңындағы пустулярлы қыртыстардағы вакцина вирусын табуға мүмкіндік береді», - деді Роспотребнадзор.

19 мамырда Ресейде маймыл шешегінің ықтимал жағдайларын тез анықтау үшін автономды тест жүйесін құрылатыны туралы белгілі болды. Роспотребнадзордың «Вектор» орталығы оның зертханалық сынақтарын сәтті өткізгені туралы хабарланды.

Маймыл шешегі вирусы Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде сәуір - мамыр айларында тарды, қазіргі уақытта ол басқа континенттерде де анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жақында індетті талқылау үшін жетекші сарапшылардың қатысуымен жедел жиналыс өткізеді. Бұған дейін өткен аптада ДДҰ Еуропалық аймағының бірнеше елінде маймыл шешегі індеті тіркелгені туралы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар