Ресей ковидтен көз жұмғандар саны бойынша жаңа рекорд орнатты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – 968 адам. Бұл пандемия басталған уақыт ішіндегі абсолютті максимум, деп хабарлайды ҚазАқпарат жедел штабтың Telegram-каналына сілтеме жасап.

Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша жаңа тәуліктік рекорд орнаған. Төрт күн қатарынан бір тәулікте қайтыс болғандар саны 900 адамнан асып отыр.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Ресейдің 85 өңірінде 29 362 адам коронавирус жұқтырған. 8,9 процентінде клиникалық ауру белгілері байқалмаған. 21049 науқас толықтай айығып шыққан.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеуде (6001), Санкт-Петербургте (2717) және Мәскеу облысында (1689). Ең азы – Магадан облысында (21), Ненец автономды округінде (16) және Чукотск автономдық округінде (15).


Соңғы жаңалықтар