Ресей коронавирусқа шалдыққандар саны 3 миллионнан асқан төртінші ел болды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 3 миллионнан асты. Бұл туралы сенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды штабтан мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, Ресей коронавирусқа шалдыққандар саны 3 миллионнан асқан әлемдегі төртінші мемлекет болды. Алғашқы үштікте - АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр.

Ресейде бір тәулікте анықталған жаңа жағдайлар саны 29 258-ге артып, барлығы 3 021 964-ке жетті. Бұл – ел халқының 2 пайызынан сәл астам.

Салыстыру үшін айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та пандемия басталғалы тұрғындардың 5,7% жуығы коронавирус жұқтырған, Бразилияда шамамен - 3,5%, Үндістанда - 0,7%.

Бүгінде РФ-да барлығы 2 426 439 науқас немесе сырқаттанғандардың 80,3% жазылды. Бұл, АҚШ-қа қарағанда жоғары көрсеткіш, бірақ Бразилия және Үндістанмен салыстырғанда – төмен. Штаб ақпаратына сәйкес, осы уақытта ем қабылдап жатқан науқастардың саны – 541 299. Қауіпті індеттен 54 226 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар