+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

2020 жылғы 11 тамыз 16:02
Бөлісіңіз:
Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді

НОВО-ОГАРЕВО. ТАСС - ҚазАқпарат – РФ Президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиынды аша отырып, Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді саясиландыруға жол бермеу керек - Тоқаев COVID-19 қайта өршіген жағдайда «103» қызметі қалай жұмыс істейді

«Менің білуімше, бүгін таңертең жаңа коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді», - деді президент.

Путин Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашкодан осы туралы толығырақ мәлімет беруін сұрады.

«Мен оның айтарлықтай тиімді жұмыс істеп жатқанын білемін, иммунитетті ауруға қарсы етіп қалыптастырады. Қайталаймын, ол барлық қажетті тексерулерден өтті», - деді ресейлік көшбасшы.

Бұдан бұрын М.Мурашко РФ Денсаулық сақтау министрлігі Н.Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасап шығарған екпенің клиникалық сынақтан өткенін мәлім еткен болатын.

В.Путин атап өткендей, Ресейде тіркелген коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай шығаруды таяу уақытта бастау қажет. Бірақ оны егу ерікті түрде жүзеге асырылмақ.

«Біз таяу уақытта жаппай шығара бастаймыз деп үміттенемін, ең бастысы осы», - деді ол.

Сондай-ақ РФ басшысы уақыт өте келе әлемде коронавирусқа қарсы көптеген вакцина пайда болатынына үміт білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT