Ресей коронавирус жұқтырғандар саны жағынан Қытайдан озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде кеше 6 198 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Аал бүкіл ел бойынша олардың саны 87 147-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Ресей коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша Қытайдан озып кетті. Қытайда қазіргі кезде ауру жұқтыруға қатысты 84,5 мың жағдай тіркелген. Бұл туралы Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың дүйсенбі күні таратқан мәліметінде айтылған.

«Ресейдің 85 өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты 87 147 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте 579 адам ауруханадан шығарылды, осы уақытқа дейін 7 346 адам жазылды. Кеше коронавирустан 50 адам қайтыс болды. Жалпы алғанда, Ресейде жаңа вирустан 794 адам көз жұмды», - делінген штабтың хабарламасында.

Инфекция жұқтырған адамдардың 43,3 пайызында (2 693 адам) аурудың еш белгісі болмаған.

Штабтың мәліметінше, Ресейде коронавирус жұқтырған адамдар санының бір тәулікте өсуі 7,66 пайызға дейін азайған.


Соңғы жаңалықтар