Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Ұлыбритания мен Италия елдерінен алға шығып, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 221 344 адамға жеткен. Ұлыбритания билігі індетке шалдыққан 219 183 адам туралы хабарласа, Италияда 219 070 адам инфекция жұқтырған.

Ұлыбритания мен Италия дүйсенбі күнгі мәліметтерін әлі жариялаған жоқ.

Қазіргі кезде ауру қоздырушы вирусты жұқтырып алғандар саны жағынан әлемде екінші орында Испания (224 390 дерек) болса, бірінші орында ауруға шалдыққан 1,4 млн тұрғыны бар Америка Құрама Штаттары тұр.


Соңғы жаңалықтар