Ресей Қазақстандағы Ембі полигонын жалдауды тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстандағы Ембі полигонын жалға алу және пайдалану бойынша келісімді тоқтату туралы қазақстандық- ресейлік мемлекетаралық Хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ТАСС порталына сілтеме жасап.

«Бұл Хаттама Ресейдің Қазақстаннан жалға алған полигондардың жер учаскелерін оңтайландыру бойынша Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімін одан әрі жүзеге асыру мақсатында даярланған. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірінші кезеңі Сарышаған полигоны мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының 929 әскери алаңдарының шекараларын нақтылаумен байланысты 2015 жылы қол қойылған құжатпен байланысты болатын»,-деп түсіндірді РФ Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Анатолий Антонов.

Хаттамаға сәйкес, 300 мыңға жуық гектар жер жалға алу аймағынан шығарылады. «Біз жер телімдерін игеру бағытындағы қазақстандық әріптестеріміздің мүдделерін ескеругі барынша тырыстық»,-деді Антонов 20 қазан күні қол қойылған құжатқа қатысты мәселелерді сөз ете келе.

Қазақстанның халық шаруашылығына заманға сай коммуникациялардың құрылыстары мен пайдалы қазбаларды игеру шаралары жүргізілетін аймақтар қайтарылады.

Бұған қоса Ресей федералдық бюджеті полигонды жалдау үшін жыл сайын жұмсалатын $0,718 млн үнемдейді. Полигондарды пайдалану мен сынақтарды өткізу бойынша, Ресей тарапы Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен өзара байланыстарды дамыта бермек.

«Өйткені біздің полигондарда сынақтан өтетін техникалар мен қару-жарақтар тек Қазақстан мен Ресейдің ғана игілігі үшін қызмет етпейді»-деді РФ Қорғаныс министрінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар