+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ресей Қазақстанда өсірілген қызанақ экспортына шектеуді алып тастамақ

2021 жылғы 26 қаңтар 19:49
Бөлісіңіз:
Ресей Қазақстанда өсірілген қызанақ экспортына шектеуді алып тастамақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қаңтардан бастап Қазақстанда өсірілген қызанақтарды Ресейде сатылуына шектеу алынып тасталады. Бұл туралы ҚазАқпарат АШМ сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейдің Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС және «Green Land Alatau» ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды», - делінген хабарламада.

Қазақстан тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерін алып келуге уақытша шектеулерді алып тастайтын болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT