Ресей - Қазақстан форумының ресми сайты іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - XIV Ресей және Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА kp.ru-ға сілтеме жасап.

Халықаралық шара 2017 жылғы 9 қарашада Челябі қаласында өтеді. Форумға екі елдің президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы күтілуде. Адам капиталын дамыту мәселесі форумның негізгі тақырыбы болады.

«Жоғары деңгейдегі кездесуді тағы бір рет ұйымдастыру біз үшін мәртебе. Челябідегі Ресей - Қазақстан форумы алғаш рет 2005 жылы өткен болатын. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Қала да, өңір де өзгерді, жаңа экономикалық мүмкіндіктер туды, Ресей мен Қазақстанның іскерлік және гуманитарлық байланыстары, мемлекеттер басшыларының достық қатынастары жаңа деңгейге көтерілді. Мұндай форумдар бір-бірімізді жақындата түсуге тағы бір қадам», - делінген губернатор Борис Дубровскийдің ресми сайттың ашылуына орай жолдаған құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар