Ресей Катарға футболдан әлем чемпионаты эстафетасын тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президенті Владимир Путин, Катар әмірі Тамим бен Хамад Аль Тани және FIFA президенті Джанни Инфантино жексенбі күні Катарға 2020 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу бойынша символикаллық тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ТАСС.

Екі елдің көшбасшысы және  Халықаралық футбол федерациясының президенті Кремльде кездесті. Путин  кезекті мундиаль қожасына  ӘЧ-2018 символикасы бар қызыл-ақ түсті допты тапсырды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, осы доп жексенбіде мәскеулік «Лужники» стадионында  Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтетін финалдық матчта қолданылады. Бұл ойын мәскеу уақытымен 18: 00-де бстаалады.

Өз кезегінде Владимир Путин Ресейде болған футболдан әлем чемпионатын мақтан тұтатындығын және Катардың да 2022 жылы осы біріншілікті жоғары деңгейде өткізетіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде Катар әмірі Путинге осы кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айта келе, елінің алдағы чемпионатты дайындау үшін бар күштерін жұмсайтындығын жеткізді.

Еске сала кетсек, Катардың турнирді қабылдайтындығы жөнінде шешімді ФИФА атқарушы комитеті 2010 жылдың желтоқсанында қабылдаған болатын. Турнир бұл елде 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар