Ресей қалаларында қазақстандық ЖОО-ның көрмесі өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей қалаларында қазақстандық жоғары оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алғаш рет ағымдағы жылдың 15-24 сәуір аралығында Астрахан (15.04), Волгоград (16.04), Саратов (17.04), Самара (18.04), Оренбург (19.04), Орск (20.04), Челябинск (22.04) және Омск (24.04) қалаларында «Қазақстандық жоғары оқу орындарын таныстыру» шарасы өткізіп жатыр. Іс-шараға еліміздің 14 ЖОО қатысуда.

«Осы іс-шара ресейлік оқу орындарымен тәжірибе алмасу үшін бірегей алаң болып табылады, сондай-ақ ресей жастарын Қазақстандағы оқу орындарының мүмкіндіктерімен таныстырады»,- деді орталықтың баспасөз қызметі.
null

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 23 мыңға жуық шетелдік студенттер білім алуда. Ал, 2021 - ші жылы бұл көрсеткіш санын 50 мыңға жеткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар