Ресей ірі жол апатында зардап шеккен өзбекстандықтарға өтемақы төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Российские железные дороги» ААҚ Владимир облысында болған ірі жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтарының әрбіріне 5 мың рубльден өтемақы төледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА uznews.uz-қа сілтеме жасап.

«Зардап шеккендердің барлығына Ресей ТЖМ қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетті, олардың әрбіріне «Российские железные дороги» ААҚ есебінен 5 мың рубльден өтемақы төленді», - делінеді Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні 3 сағат 30 минутта Ресейдің Владимир облысында қазақстандық UDA668 нөмірлі жолаушы автобусы бағдаршамның дабылына тоқтамай өте шығып, пойызбен соқтығысқан. Автобуста Өзбекстанның 55 азаматы, екі жүргізуші Қазақстанның азаматы болған. Оның бірі қаза тапты, екіншісі қазір Покров қаласындағы уақытша пунктте.  

Соңғы жаңалықтар