Ресей халқы Конституцияға түзету енгізу үшін дауыс беріп жатыр

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - Ресей Конституциясына өзгерту енгізу бойынша дауыс беру жеті күннен бері өтіп жатыр. Ол 25 маусымда басталды. 1 шілде - жалпыресейлік дауыс берудің негізгі күні. Учаскелер барлық аймақтарда жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігне сілтеме жасап.

Дауыс санау жергілікті уақытпен 20:00-ден кейін жүргізіледі. Егер сайлаушылардың жартысынан көбі түзетумен келіссе, конституциялық түзету нәтижелері ресми жарияланған күні күшіне енеді.

Дауыс беруге қатысу шегі белгіленбеген.

Бұған дейін хабарланғандай, РФ президенті Владимир Путин Конституцияға тиісті түзетулер қабылданса, жаңа мерзімге президенттікке сайлауға түсетінін жоққа шығармады.

Бұл туралы ол «Россия-1» телеарнасында «Россия. Кремль. Путин» фильміне берген сұхбатында айтты.


Соңғы жаңалықтар