Ресей хакерлері Токио Олимпиадасына кибершабуыл жасаған болуы мүмкін - БАҚ

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі Ұлыбритания СІМ-нің Ресейдің арнайы қызметтері кибершабуылдар арқылы пандемияға байланысты Токиодағы Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырғанға дейін тоқтатуға тырысты деген тұжырымына түсініктеме бермейді. Бұл туралы сейсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз британдық тараптың бұл хабарламансы туралы білеміз. Жапон үкіметі тиісті ақпаратты жинауда, бірақ біз бұл туралы түсініктеме беруден бас тартқымыз келеді», - деді ол.

Кабинеттің бас хатшысы Токио тарапы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын кибер шабуылдардан қорғау үшін барлық шараларды қолданады деп сендірді.


Соңғы жаңалықтар