Ресей ғалымы «Спутник V» вакцинасына қатысты айтылған сынға түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ, Италия және басқа елдердің университеттерінен зерттеушілер тобы The Lancet журналының редакциясына хат жазып, препаратты сынау нәтижелерінде статистикалық ауытқулар бар екендігін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің «Спутник V» вакцинасын сынаудың екі кезеңдегі нәтижелерін The Lancet ғылыми журналында жариялау – вакцина әзірлеудің сапасын арттыратын оң қадам. Сейсенбіде ТАСС тілшісіне берген сұхбатында РҒА корреспондент-мүшесі, Солтүстік Каролина университетінің (АҚШ) және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Александр Кабанов осындай пікір білдірді.

«Ресейлік вакцина жайлы мәліметтерді сынауға келер болсақ, біріншіден, нәтижелерді сынау – қалыпты ғылыми процестің бөлігі. Әсіресе пандемия жағдайындағы вакцина немесе дәрі-дәрмек сияқты әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға қатысты ататын болса», – дейді РҒА корреспондент мүшесі.

«Екіншіден, бұл Ресейге, вакцинаға немесе ғалымдарға қарсы бағытталған сын емес. Мысалы, үш ай бұрын, екі журналдан, соның ішінде осы The Lancet журналынан америкалық ғалымдардың мақалалары алынып тасталған еді. Себебі нәтижелер сынға ұшыраған және мақала авторлары дәрі-дәрмекті коронавирусты емдеуде қолдану туралы алғашқы мәліметтерді беруден бас тартқан», – деді ғалым.

«Үшіншіден, сын айту – нәтиже дұрыс емес дегенді білдірмейді. Мұны сыншылар да айтып отыр. Олар бастапқы сандық деректерсіз Ресей вакцинасы туралы мақаладағы мәліметтердің сенімділігі жөнінде қорытынды жасау мүмкін емес екенін атап өтті», – деп түсіндірді Кабанов.

«Гамалея институтында жасалған ресейлік вакцина сәтті болады деп үміттенемін. Осыған байланысты мен оны әзірлеушілерге, сондай-ақ коронавирусқа қарсы сенімді және қауіпсіз вакцинаны қажет ететін барлық Ресей азаматтарына сәттілік тілеймін», – деді ғалым.


Соңғы жаңалықтар