Ресей елде жүрген шетелдіктердің бірыңғай цифрлық профильдер базасын жасайды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат - Ресейде шетелдік азаматтарды, оның ішінде олардың цифрлық профилрін тіркеуге арналған бірыңғай ақпараттық алаң жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Цифрлық профильде адамның құқықтық мәртебесі, оның биометриялық деректері, тұрғылықты жері мен жұмысы туралы ақпарат болады.

Бұл мигранттарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға және уақытында елден кету қажеттігі туралы пошта хабарламаларымен қоса, ақпараттық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл туралы ТАСС-қа Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы ведомствоның тиісті сауалына жауап ретінде хабарлады.

Сонымен қатар шетелдіктер цифрлық профильді қолдана отырып, жұмыс берушімен еңбек қатынасын жасай алады, өздерінің білімін растайды, міндетті салық және басқа төлемдерді төлеп, ыңғайлы ақпараттық қызметтерді қолдана алады.

Соның ішінде рұқсаттардың, Ресейде қалу және елден сырт шығуға қажетті құжаттардың жақында аяқталатыны жайлы хабарламалар алады.


Соңғы жаңалықтар