Ресей діндарларының «Спутник V» вакцинасы туралы пәтуасы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Спутник V» вакцинасы халал ма, харам ба? Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов тележүргізуші Динара Сатжанмен өткізген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спутник V» медициналық талап бойынша толық мақұлданған кезде институтқа ресми хат жазды. Ондағылар мұны өте жақсы қабылдап, толық пайым берді. Институт өкілдері дәрігерлермен кездесіп, бәрін теологиялық тұрғыдан зерттеді. Оның қорытындысы туралы ақпаратты umma.ru сайтынан болады

«Спутник V» вакцинасының рұқсат етілгендігі туралы пәтуа бар. Біз бір ай бойы жұмыс істеп, «Спутник V» канондық тұрғыдан халал екені туралы қорытынды пәтуа шығардық. Барлық нюанстарды, қоспаларды, вакцинаны жасау кезеңдерін зерттей отырып, харам дейтіндей ештеңе жоқ екенін көрдік», - деп жауап берді ресейлік имам.


Соңғы жаңалықтар