Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды

Фото: None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС-ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Украинадағы ахуалға байланысты өткен арнайы сессия барысында Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл резолюцияны қолдап 93 мемлекет дауыс берсе, 24 делегация қарсы шыққан, 58-і қалыс қалды. Құжатты қабылдау үшін дауыс беруге қатысушылардың үштен екісі қолдауы қажет әрі қалыс қалғандар есепке алынбайды. Осылайша, барлығы 117 делегация жақтап немесе қарсы дауыс берді.

Шешімді қолдаған 93 дауыс барлық мандаттың үштен екісінен асатын болғандықтан, резолюция қабылданды.

Айта кетейік, Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Одан әрі Ресей Федерациясы мүшелікке қайтадан өтініш бере алады.


Соңғы жаңалықтар